10.03.2017
Отырысты Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Гүлнар Иксанова жүргізді.
Депутаттық корпус «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты өткен жылдың қараша айында бастаған болатын.
Бүгінге дейін жұмыс тобының 7 отырысы ұйымдастырылып, 150-ден астам ұсыныстар түсті.
Заң жобасын талқылау барысында әсіресе, жарнаманы орналастырудың үлгі ережелеріне, жарнама қызметін реттейтін құжат түрлеріне, сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін салықтық төлемдерді қайта қарауға, теле-радио арналардағы әлеуметтік жарнаманы орналастыруды регламенттеу мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Дөңгелек үстел отырысына Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин,сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдардың, Парламентке өтпей қалған саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге сарапшылар да қатысты.