03.03.2017
Депутаттармен жүздесу барысында балалар құқығын қорғау, сонымен бірге ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен балаларға арналған заңнамалар жайында әңгіме қозғалды.
Жүздесуге қатысушылар өзекті тақырыпты талқылай келе, аталған саладағы заңнамаларды жетілдіру және екі жақты үндесе түсу қажеттілігін атап өтті. Кездесуге қазақстандық парламентшілер Бейбіт Мамраев, Светлана Бычкова, Снежанна Имашева, Айгүл Нуркина, Жәмила Нұрманбетова, Жанат Омарбекова қатысты.
Мәжіліске мейманмен бірге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Юрий Оксамитный, аталған өкілдік басшысының орынбасары Фиакра Макаси, ЮНИСЕФ –тің білім беру және балалардың құқығын қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Татьяна Адерихина келді.