• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  жалпыға бірдей декларациялаудың мерзімі   ауыстырылады 02.03.2017

Сенат комитетінің конституциялық  заңнамасы, сот реформасы мен құқық қорғау органдары туралы  тұжырымдамасында жалпыға бірдей декларациялаудың мерзімін  2020 жылдың  1 қаңтарына ауыстыру  айтылған.

 «ҚР-дағы сайлау туралы» конституциялық  заңда 2017 жылдың  1 қаңтарынан  2020 жылдың  1 қаңтарына  дейінгі аралықта таңдалған  лауазымға  үміткерлердің міндеті мен  активтер  туралы декларацияның мерзіміне өзгерістер енгізу қарастырылған.

«2016 жылдың  1 қаңтарында судьялардың  кәсіптік қызметін  бағалау нормалары өз күшіне енген соң  судьялардың кәсіптілігін тексеру кезінде олқылықтар көрсеткішін, екінші мәрте тексермей лауазымынан алу  мәселесін қайта қарау қажеттілігі  туды», - делінген жоба  тұжырымдамасында.

«Қазақстан Республикасының  кейбір конституциялық  заңдарына  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын   жүзеге асыру  тапсырмасымен әзірленді.

Ақбота Күзекбай


Back to the list