• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенаторлар Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелерін талқылады 01.03.2017

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын талқылауға ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант M.Mайкеев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Д.Ділманов, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, дін істері және азаматтық қоғам, денсаулық сақтау, білім және ғылым, энергетика, қорғаныс және аэроғарыш министрліктерінің өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, қазіргі әлемде мемлекеттің қауіпсіздік мәселелері түбегейлі жаңа сипатқа ие болды. Тәуелсіздік жылдарында, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мұқият және мақсатты іс-әрекеттерінің арқасында елімізде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі жасалды, мемлекет қызметінің осы саладағы негізгі бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық құжаттар әзірленді.

Комитет төрағасы Д.Назарбаева, сондай-ақ сенаторлар Н.Әбіқаев, И. Адырбеков, С.Жақсыбеков, Л.Киинов, Г.Ким мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын жетілдіре түсуге қатысты ұсыныстарын айтты.

Кездесу нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.


 


Back to the list