20.02.2017
«Тілді оқыту үздіксіз жүргізілуі тиіс. Курстар – бұл қолдау шаралары болса, базалық тілдік білім жоо-дағы толық оқу процесінде қалыптасуы тиіс. Бүгінгі таңда НЗМ және Өрлеу курстарының деңгейлерінде қайта даярлаудан өтіп жатыр. Бұл курстар пәндік сипатқа ие және көбінесе қосымша дағдыларды дамытады», - деп хабарлады Г. Иксанова.
Оның айтуы бойынша, оқушылар білімінің сапасын мониторингілеу жаратылыстану-математика және лингвистика пәндері бойынша төмендеуді көрсетеді.
«Ағылшын тілі бойынша пән мұғалімдерінің тілдерді меңгеруінің төмен деңгейі байқалады. Тестілеу нәтижелері бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 0,5%-ы ғана ағылшын тілін еркін меңгерген. Балаларға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдермен байланысты жағдай қандай болмақ? Ағылшын тілін енгізу жағдайларында біліктілік ресурсы шектеулі. Бүгінде ағылшын тілінде сабақ беретін пән мұғалімдерінің үлесі олардың барлық санының 1%-ға жуығын құрайды. Мұндай жағдайда балаларға пән мен тілді бір мезгілде қалай оқытуға болады?», - деп атап өтті Г. Иксанова.
Сондай-ақ, ол тағы бір мәселені атап өтті, ол – жоо оқытушыларының біліктілігін арттыру. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мониторингінің нәтижелері жоо-лардың ағылшын тілін білетін оқытушылармен төмен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қайрат Жандыбаев