14.02.2017
Сенатта хабарлағандай, кездесуде Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов негізгі баяндама жасады. Ол Ұлттық ұланды дамытудағы негізгі басымдықтарды белгіледі және әскердің материалдық-техникалық жабдықталуы, әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.
Даму жоспарында басқару органдарын одан әрі жетілдіру, басшылық және жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және қаржы шығындарынсыз жоспарлы түрдегі моральдық-психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету шаралары көзделіп отыр, - деді Р.Жақсылықов. Сенаторлар С.Жақсыбеков, М.Алтынбаев, Л.Киинов, Г.Ким кездесуде өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.