• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжілісте 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралады 13.02.2017

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шығарылатын болды.

Екінші оқылымда үш заң жобасы: қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мен азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және экологиялық мәселелерге енгізілетін жаңалықтар талқыланатын болады. 

Күн тәртібінде Мәжіліске жаңадан келіп түскен заң жобасы да болды. Ол – «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы. Осы заң жобасы бойынша салалық комитетке қорытынды әзірлеу тапсырылды.

 

 

 


Back to the list