• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Тоқаев Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті 06.02.2017

Қ.Тоқаев бұл сапар Қазақстан мен Чехия парламентері арасындағы белсенді қатынастардың көрінісі екенін атап өтті. Бұған дейін екі елдің сенаторлары арасында екіжақты жемісті сапарлар болған еді.

Төрағаның пікірінше, екі ел арасындағы заңнамалық тәжірибені жетілдіруге, әрі достық қарым-қатынастарды дамытуға парламенттер арасындағы диалогты жалғастыру қажет. Қ.Тоқаев алдағы конституциялық реформа туралы және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының маңызды аспектілері жөнінде кеңінен хабардар етті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа саяси бастамасының негізі - мемлекеттік басқаруда Президенттік сипат сақтала отырып, елде жүргізіліп жатқан реформалардың жай-күйіне Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін күшейту болып отыр», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

 

 


Back to the list