18.01.2017
« Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген жауапты міндеттер тұрғанын және оларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету жолында атқарылатын жұмыстардың көп. Біз аймақтарда болып, сайлаушылармен де кездестік. Осы уақыттарда айтылған барлық мәселелерге алдағы заң шығару жұмысымызда ерекше көңіл бөлетін боламыз,-деді Н.Нығматулин.
Атап айтатын болсақ, бүгінгі отырысқа бірінші оқылымда ұсынылып отырған жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесіне қатысты заң жобасы маңызды құжаттардың бірі.
Сондай-ақ, жақын уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік – еңбек салаларына қатысты заң жобасы қаралады.
Н. Нығматулин атап өткендей, жол қозғалысы туралы, ақпарат және коммуникация, коммерциялық емес ұйымдар басқа да салмақты құжаттар бойынша тыңғылықты жұмыс істеу міндеті тұр.
Палата Төрағасы сессия соңына дейін Мәжілісте өтетін үкіметтік сағаттар мен парламенттік тыңдауларға да айрықша көңіл бөлді.
«Мәжілістің ең басты міндеті әдеттегідей заң шығармашылық жұмысының сапасын күшейту мен заңдардың орындалуына бақылауды күшейту»,-деді Осы жұмыстардың барлығын бірлесіп, жоғары деңгейде орындауымыз керек дей келіп, Палата Спикері.
«Орталық атқарушы органдардың қызметiнiң түрлi аспектiлерiн парламенттiк бақылауды қамтамасыз етуде үкiмет сағаты маңызды рөл атқарады. Осы сессияның соңына дейiн Мәжiлiс депутаттары алдында үкiмет сағаты аясында үкiметтiң 15 министрiнiң 11-i қоғамның назарындағы мәселелер бойынша баяндама жасайды. Парламенттiк тыңдаулар өтедi, онда дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету және фармацевтикалық саланы дамытудың жағдайы талқыланады. Мәжілістің басты бағыттарының бірі заң шығару сапасын арттыру болып табылмақ. Бұл бойынша күрделі әрі көп жұмыс күтіп тұр», - деді Н.Нығматулин.
Қайрат Жандыбаев