26.12.2016
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылы 11 сәуірде Тегеранда қол қойылған Келісім Иран Ислам Республикасының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Иран Ислам Республикасының азаматтарын одан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беру мәселелерін реттейді. Заң жобасы Сенат қарауына жіберілді.