20.12.2016
Күн тәртібінде «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасы және заңнамаға бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша түзетулер де бар. Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары салалық комитеттерге бөлініп берілді.
Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті белгіленді.
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын одан әрі пысықтаумен айналысатын болды.