• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат комитетінде «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасы қаралды 20.12.2016

Заң жобасын бастамашылар атынан сенатор Серік Бектұрғанов таныстырды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Нұрлан Қылышбаев қосымша баяндама жасады. Заң жобасы волонтерлік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесін реттеуге, әлеуметтік бағыттағы коммерциялық емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға, азаматтық қоғамның дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

Заң жобасында алғаш рет волонтерлік қызметтің құқықтық негіздері, мақсаттары мен міндеттері, қағидаттары, нысандары мен түрлері, сондай-ақ оны қолдау шаралары белгіленген. Волонтерлік қызметті жүзеге асырудың өтеусіздігі, еріктілігі, тең құқықтылығы және заңдылығы сияқты базалыққағидаттар анықталған.

Заң жобасы волонтерлік қызметті есепке алудың хабарламалықсипатын, волонтерлік қызмет саласындағы Үкіметтің, уәкілетті органның, орталық және жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретін белгілейді. Талқылауды қорытындылай келіп, комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова азаматтарды әлеуметтік және қайырымдылық шараларға тарту үшін құқықтық кеңістік қалыптастыруда заң жобасының маңызды екенін, оның біздің еліміздің ашық және транспарентті мемлекет ретінде дамуы үдерістерінде қажеттілігі мен өзектілігін атап өтті. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді. 

 

 


Back to the list