• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжілісте зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды 09.12.2016

«Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толық құқықты мүшесі атанды. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бес Мемлекет басшыларының экономикалық интеграция және бір кедендік аймақ бойынша бастамасы жүзеге асырылуда. Қабылданған халықаралық міндеттемелердің ішінде зияткерлік меншік объектілерін тиісті қорғау қамтамасыз ету және олардың құқық иелерінің құқықтарын сақтай отыра олардың нарықта еркін айналымын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер бар екендігін», - ол атап өтті.

Бүгінгі дөңгелек үстел сол қабылданған міндеттемелерді ескере отырып және дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру бойынша мақсатты жүзеге асыру мақсатында ең маңызды және керекті экономикалық заңнаманы және ЭЫДҰ елдерінің ең жақсы тәжірибесін және ұлттық мүдделер мен басымдықтарды ескере отырып одан әрі жетілдіруді талқылады.

Таныстырған заң жобасына 12 заңнамалық актіге 188 түзетуді енгізуді көздейді.

«Біздің шара үлкен Мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні қарсаңында өткізіліп отыр. Бұл мереке біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі және қуаттылығының символы болып табылады. Тәуелсіздікті алған сәттен бастап біздің халық жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрумен Қазақстанның ұлы тарихын тамаша жалғастырды»,- деген Комитет төрағасы жиналысқа қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.

Заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге, ғылыми-техникалық прогресті және ерікті бәсекелестікті дамытуға, тіркеу процесін оңайлатуға, құқықтық кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды жоюға бағытталған. Заң жобасының қабылдануы технологияларды коммерциаландыру барысын тездетуде өнертапқыштарға және бизнес субъектілеріне қалайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді, құқық иелерінің құқығын қорғауды күшейтеді және тауар таңбаларын тіркеу бойынша даулардың азаюына алып келеді.

 

 

 


Back to the list