08.12.2016
«Қазақстанда сатып алудың барлық түрлері бойынша рәсімдердің 100%-ы электрондық түрде жүргізілетін жалғыз мемлекеттік сатып алу алаңы жұмыс істейді. «Электрондық Қаржымині» жүйесі сатып алу порталымен ықпалдастырылған, бұл камералдық бақылау жүйесін ауыртпалықсыз енгізуге мүмкіндік берді. Камералдық бақылау бұзушылықтарды ерте кезеңдерде, шарт жасалғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді», - деді Р. Бекетаев.
Вице-министрдің айтуы бойынша, өткен жылы нысандарға бара отырып, жүргізілген тексерулер кезінде 170 млрд теңге сомасына 10 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталған.
«Ал осы жылы камералдық бақылау қорытындылары бойынша 431 млрд теңге жалпы сомасына 40 мыңнан астам рәсім бойынша бұзушылықтардың алды алынды. Тиімділігі көрініп тұрғандай, алды алынған бұзушылықтардың саны екі жарым есе көбейген. Осы ретте, бұзушылықтардың уақтылы жойылуының арқасында бүгінгі күні 16 мың жағдайда 431 млрд теңге сомасына сатып алу қорытындылары қайта қаралды», - деп хабарлады Р. Бекетаев.
Ботагөз Айтжанова