07.12.2016
Тараптар әңгіме барысында екіжақты байланыстардың өркендеуі мен парламентаралық қатынастардың дамуы жайлы ой бөлісті.
Елші мен парламентші келе жатқан жылды ынтымақтастық деңгейін арттыра түсуге пайдалану керек деген тоқтамға келді. 2017 жылы екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады, Канада өзінің 150 жылдығын тойласа, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізеді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшеліктің міндеттерін атқаруға кіріседі.
Сонымен қатар жүздесуде Канада Парламентінде қазақстан-канада паралменттік достық тобы құрылатыны мәлім болды. Тараптар ол парламентаралық үндесудің жаңа бір бетін ашатынына келісті.
Кең көлемде өткен кездесуде екі жақ экономика мен басқа да салалардағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге мүдделілік танытты.