06.12.2016
Заң жобасы қолданыстағы экологиялық заңнаманы жетілдіру және оны қолдану практикасы барысында айқындалған құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленген.
Заң жобасымен мынадай 2 заңнамалық актіге: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Ұсынылып отырған заң жобасы екі бағытта өзгертулер енгізуді көздейді. Түзетулердің бір бөлігі орта және шағын бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қоғамдық тыңдау өткізу арқылы халықтың шешім қабылдауға қатысу процесіне байланысты.
Түзетулердің келесі бөлігі қалдықтарды қолдану жөніндегі мәселелерді реттеуге бағытталған. Кеңейтілген жұмыс тобының аясында заң жобасы бастамашыларының бірі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Ә.Қаракен заң жобасы бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.
Жұмыс тобының отырысына барлық мүдделі мемлекеттік ограндардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, энергетика, инвестициялар мен даму, ұлттық экономика, қаржы және әділет министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, «Табиғат» Қазақстанның ассоциациялары мен кәсіпорындарының экологиялық одағы, Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы, «Kazenergy» ассоциациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы», «Қазақстандық экологиялық аудиторлар палата» ассоциациясы, германиялық халықаралық қатынастары қоғамы (GIZ), «KazWaste» Қазақстандыққалдықтарды басқару ассоциациясы және «Қазақстанның биосферасы ҒЗО» ЖШС өкілдері болды. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысында заң жобасының тұжырымдамалық мәселелері қарастырылды.