• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат комитетінде мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралды (ФОТО) 05.12.2016

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 маусымда Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында берген тапсырмасы бойынша әзірленді. Заң жобасының мақсаты құқықтық олқылықтарды, коллизияларды жою, конкурстық рәсімдерді оңтайландыру және жылдамдату, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің стандарттарын мемлекеттік қызмет стандарттарына жақындату жолымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

 Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына мемлекеттік органдарға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізгеннен кейін жалпы конкурс өткізу құқығын беру арқылы конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімін қысқарту бөлігінде түзетулер енгізіледі, деп хабарлады Сенат.

Одан басқа құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтар үшін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органда тестілеуден өтуді енгізу мерзімдеріне қатысты түзетулер көзделген. Заң жобасын Парламент Мәжілісінде қарау барысында оның ережелері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері үшін жоғары басшы құрамның лауазымдарын енгізу бөлігіндегі түзетулерді көздейтін нормалармен толықтырылды. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 


Back to the list