• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандықтардың  88% отандық телеарналарды көреді – АКМ 05.12.2016

«Өлшемнің қорытындысына сәйкес телеаудиторияның 88 пайызы  қазақстандық арналарды көргенді жөн санайды. Оның 53 пайызы күн сайын отандық телеарналарды көреді. Біздің мақсатымыз – бұл санды арттыру, себебі телерадиожеткізу  қазіргі заманда қоғамда  оңтайлы пікір қалыптастырудың қозғаушы күші болып саналады», - деді Д.Абаев.

Бұл орайда министр «Хабар», «Қазақстан», «Қазақ ТВ», «Хабар24», «Қазспорт» арналарын атап өтті.

«Аталмыш үрдісте  ерекше рөл «Қазақстан» телерадиокешеніне беріледі, ол «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Балапан» телеарнасы мен «Қазспорт»  және  14 өңірлік арналардың тоғысуынан құралады», - деді министр.

Д.Абаевтың айтуынша,  АМК тапсырысы бойынша ауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізілді, ол қазақстандықтардың медиа-таңдауы мен мақсатты аудиторияны анықтауға бағытталды.

Алынған мәліметтерге сәйкес,  БАҚ-ты жаңғырту бойынша нақты жобалар қалыптастырылып, ұлттық ақпараттық кеңістікті  жүйелендіру жоспарланған.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list