• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Д.Абаев  отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру шаралары туралы баяндады 05.12.2016

«Әлемдік экономикада дағдарыстық үрдістің тереңдеуі  төңірегінде қазақстандық БАҚ айтарлықтай күрделенді, бұл орайда  қолдау шараларын әзірлеу керек. Қазіргі таңда  Қазақстанның жарнамалық нарық көлемі  36 млрд теңгені құрап отыр. Күрделі кезеңде жарнамалық қаржы БАҚ-тың барлық шығындарын жауып отырған жоқ, ол контент өнімділігінің төмендеуіне әкеліп отыр. Министрлік  ақпарат және коммуникация мәселесі бойынша қоғам ұсынған және әзірлеген ынталандыру механизмін  заң жобасына енгізуді қарастырды,»-деді министр.

Ол айтып өткендей, БАҚ  арқылы  құқықтық экономикалық қысым жеңілдетіледі.

Сондай-ақ, министрлік ақпараттық кеңістікке  журналист емес,  бірақ осы салаға жақын   блогерлер мен фрилансерлерді тартуды ұсынды.

«Біз  БАҚ қызметі мен оның дамуына кедергі келтіретін   нормаларды,  тұрақсыз және екі ұшты әдістерді жойып жатырмыз. Әлсіз алкоголь  сауда маркаларының  жарнамасын нақты уақытта шешуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, көмекші тауар ретінде теле-сауда, теле-газет енгізілуде, олар  БАҚ-тың техникалық және шығармашылық ауқымын  кеңейту мақсатында қолданылып отыр», - деді Д.Абаев.

Ведомство басшысының айтуынша, барлық шаралар  отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған.  

«Бұл тек аралық зерттеу ғана,  болашақта  бұдан да ауқымды мақсаттар бар, ең алдымен ашық әрі тиімді  мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың жаңа әдістерін  қалыптастыру қажет», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Фото:  Бауыржан Жуасбаев


Back to the list