• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
И.Меркель: Рақымшылық жасау бойынша ҚР бас бостандығынан айыру орындарынан 1800-ге жуық адамды босату жоспарлануда 02.12.2016

«Осы заң күшіне енген сәтте қанша адамға рақымшылық жасалатынын қазір айта алмаймыз. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың саны 36 мың адамды құрайды. Оның 1800-ге жуығы бостандыққа шығады. Алайда, жазасы бас бостандығынан айырумен байланысты емес адамдар да бар: бостандығын шектеу, айыппұл, қоғамдық жұмыстар, пробациядағы адамдар. Жуық шамамен санағанда, 30 мыңға жуық адамға рақымшылық жасалады. Өндірістегі барлық істер тоқтатылады», - деп ақпараттандырды И. Меркель.

Бас прокурордың орынбасарының айтуы бойынша, бұл рақымшылық жасау алдыңғы тақырыптардан ерекшеленеді. Ауыр қылмыстар бойынша жаза – 1/4, аса ауыр қылмыстар бойынша 1/5 қысқарады. Алайда, рақымшылық жасауға тыйым салынған баптар да бар: жыныстық тиіспеушілік, адам өлтіру, террористік және экстремистік қылмыстар.

«Әлеуметтік қауіпті емес адамдар ғана босатылады. Келесі жылы ЭКСПО-2017 көрмесін, Алматыда іс-шаралар өткіземіз. Осының барлығын ескеру қажет», - деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары.


Back to the list