28.11.2016
«Келесі айда біз жер қатынастары саласындағы жаңа заң жобасын енгіземіз. Парламенттегі заң жобасы мораторий мерзімін ұзартуға ғана қатысты. Енді екінші заң жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау институтын жетілдіреді», - деп ақпараттандырды Асқар Мырзахметов.
«Осы заң жобасы аясында бірқатар мәселелер қозғалған. Атап айтқанда, жаңа кадастрлық құнды анықтау үшін заңнамалық база құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлері туралы іс жүзінде дерекқор болуы үшін қажетті геоботаникалық, топырақ зерттеулерін жүргізу», - деп түсіндірді министр.