24.11.2016
«Бүгін ҚР-дағы шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-нің 25%-ын құрайды. Бұл біздің мемлекетіміздің деңгейі емес, бұдан да жоғары болуы тиіс. Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін бұл деңгейді ЖІӨ-нің кемінде 50%-ына жеткізу міндетін қойды. Дамыған елдерде ол деңгей 40-90%-ға жетеді. Шағын және орта бизнес деңгейлері неғұрлым жоғары болса – мемлекет соғұрлым тұрақты және дамыған болып саналады», - деді Сенат депутаты Асқар Бейсенбаев.
Оның айтуы бойынша, шағын және орта бизнес сыртқы ортаның сын-тегеуріндеріне анағұрлым икемді болып келеді. Сондықтан қиын жылдары Жапония, Германия, Америка сияқты елдердің экономикасы шағын және орта бизнестің арқасында көтерілген.
«Соңғысында шағын бизнестің үлесі, әсіресе инновациялық қызметтер саласында 60%-ға дейін жетеді», - деді ол.
Ол негізгі проблемаларды атап көрсетті, солардың бірі негізсіз тексерулер.