23.11.2016
«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» заң жобасы 17 қарашада ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында қаралған. 2017-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, Сенат осы заң жобасына 4 түзету енгізді, оның ішінде 3 түзету Алматы қаласынан жыл сайын 1,8 млрд теңге сомасына бюджеттік алымдар көлемін азайтумен байланысты, бұл қаражат Универсиада-2017 үшін салынған «Алматы Арена», «Халық Арена» көп функционалды мұз кешендерін күтіп-ұстауға арналған. Осы объектілерді күтіп ұстау Алматы қаласының бюджеті есебінен жүргізіледі. Осыған орай, бюджеттік алымдардың сомасын азайту жоспарланып отыр», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.
Депутаттың айтуынша, бір түзету өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бағдарламаның әзірленуіне байланысты, №7 қосымшаның тақырыбын өзгертуге қатысты.
«Осылайша, Сенат енгізген түзетулер осы заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді. Қаржы және бюджет комитеті ҚР Парламентінің Мәжілісіне ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен келісуді ұсыну мүмкін деп санайды», - деп қосты О. Өксікбаев.
Ботагөз Айтжанова