• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Нығматулин:  Мемлекеттік қызмет  туралы заң жобасы мемаппараттың  тиімділігін көтеруге ықпалдасады 16.11.2016

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген заң жобасы мемлекеттік қызмет  саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Бүгін Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы адал қызметкерлерді мансаптық баспалдақ бойынша ілгерілетеді, олардың жинаған тәжірибелері мемлекеттік аппарат тиімділігін арттыруға  жұмыс жасайды. Мемлекеттік және  құқық қорғау қызметінің  стандарттарын үйлестіру  Президент және халыққа қызмет ету мақсатына топтастырады», - деді Н.Нығматулин.

Мемлекеттік  қызмет  туралы заң жобасына енген өзгертулер мемлекеттік қызметтегілерге ішкі конкурсты өткізгеннен кейін ұйымдастырылатын сыртқы конкурстық үрдістерді қысқартуға бағытталған.

Сондай-ақ, мемлекеттік органның құрылымында ішкі конкурстың тек қана бір кезеңін өткізу  қарастырылған.


Back to the list