11.11.2016
«Жыл басынан бері қызметтің 25 орталығында пробация қызметінің жіберуі бойынша 434 адам тұрған. 10 ай ішінде қайта әлеуметтендіруден 905 адам өткен. Оның ішінде 713-і жұмысқа орналастырылған, 20-сы қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген, 140-ы оқудан өтіп, 17-сі отбасын құрған, 15 адамға тұрғын үй алуға көмек көрсетілген», - деді вице-министр.
Оның айтуы бойынша, ағымдағы жылдың 10 айы ішінде өңірлердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына 2 мың 293 адам жүгінген, оның 50%-ын – пробация қызметі, 25%-ын жергілікті полиция қызметі жіберген, ал 18%-ы өздері келген.
«Сонымен бірге бүгін бізде «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заң және көмек көрсетуді көздейтін бекітілген стандарттар бар екенін де атап өту қажет. Егер адам жалғызбасты зейнеткер немесе мүгедек болса, ол интернат үйіне жіберіледі. Бүгін медициналық-әлеуметтік мекемелерде 242 адам тұрады. 2016 жылдың 10 айы ішінде 36 адам келген. Егер адамның тұратын жағдайы немесе тұрғылықты жері болмаса, оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында тұру ұсынылады», - деп қосты С. Жақыпова.
Вице-министрдің пікірі бойынша, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру бойынша ең үлкен жұмыс жүргізілген.