• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Нығматулин: Үш жылдық бюджет Елбасының мемлекетімізді әлеуметтік жаңғырту жолындағы маңызды тапсырмаларын орындауға бағытталған 09.11.2016

Жалпы отырысқа Премьер-Министр Б.Сағынтаев пен басқа да Үкімет мүшелері қатысты.

Мәжілісте хабарлағандай, біраз уақытқа созылған талқылаудан кейін Мәжіліс Спикері депутаттар тарапынан мақұлданған алдағы үш жылдық бюджет жобасының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді әлеуметтік жаңғырту бағытын толықтай қамтығандығын атап өтті.  

Одан әрі Парламенттің, Үкіметтің, Есеп комитетінің бюджеттік көрсеткіштерге қол жеткізуді бақылауды бірлесе қамтамасыз ету керектігін алға тарта келіп, Н. Нығматулин: «Бұл еліміздің негізгі қаржы құжаты. Оны толықтай орындау Үкіметтің, Парламенттің басты міндеті. Сондықтан, ендігі жылы Парламентте біз бюджеттің орындалу нәтижесін қарайтын боламыз»,-деді.   

Республикалық бюджеттің жобасы республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері мен Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заңдардың жобаларымен үндестірілген.

Осы ретте, 2017 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттердің түсімдерін есепке алмағанда) 4 338 млрд. теңге сомасында айқындалды немесе 138,1 млрд немесе 138,1 млрд. теңгеге артық орындала отырып, ағымдағы жылғы бағалауға қатысты 103,3 %-ды құрайды.  2018 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің болжамы 4 562,3 млрд. теңге сомасында немесе 2017 жылдың болжамына қарағанда 224 млрд. теңгеге немесе 5,2 %-ға өсе отырып,  2019  жылға – 2018  жылға қарағанда 314,9 млрд. теңгеге немесе 6,9 %-ға өсе отырып, 4 877,2 млрд. теңге сомасында белгіленген.

Ал, шығыстардың жалпы көлемі 2017 жылы –8 564 млрд. теңге, 2018 жылы – 8 370,6 млрд. теңге, 2019 жылы  8 751,2 млрд. теңге сомасында жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын ескере отырып, экономикалық өсу мен өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі басымдықтары болып аграрлық секторды үдемелі дамыту, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті дамыту, көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік саланы дамыту көзделген.

Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға арналған шығыстар толық көлемде қарастырылып, инфляцияның болжанатын деңгейінен 2%-ға оза отырып, зейнетақы төлемдерін ұлғайту қағидаты сақталды.

 


Back to the list