09.11.2016
«Базалық сценарий 2017-2019 жылдары мұнайдың бағасы бір барреліне 35 АҚШ доллары консервативті деңгейінде қалыптасып, 2021 жылы бір барреліне 45 АҚШ долларына дейін өседі. 2021 жылы металл бағасы 2016 жылғы деңгейге қарағанда 11%-ға дейін өсуді көрсетеді», - деп хабарлады Бишімбаев.
Министрдің айтуынша, мұнай өндіру көлемі кейіннен 2021 жылы 86,5 млн тоннаға дейін ұлғаюмен, 2017 жылы 79,5 млн. тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2017 жылы 1,9%, 2018 жылы 2,1%, 2019 жылы 2,7%, 2020 жылы 2,9% және 2021 жылы 3,1% деңгейінде болжанып отыр.
Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2021 жылы 10,0 мың АҚШ долларына дейін ұлғаюмен 2017 жылы 7,5 мың АҚШ доллары деңгейінде кейіннен болжанады. Жылдық орташа өсу қарқыны өнеркәсіпте 2,1%-ды, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімде - 3,0%-ды, құрылыс саласында - 3,6%-ды құрайды.
Экспорт кейіннен 2021 жылы 53,3 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаюмен 2017 жылы 40,2 млрд АҚШ доллары деңгейінде болжанады, импорт 2017 жылы 29,1 млрд АҚШ долларынан 2021 жылы 38,2 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2017 жылы 6,0-8,0% шегінде болады, кейіннен 2021 жылға қарай 3,0-4,0%-ға дейін төмендейді.
«Орта мерзімді перспективада экономикалық саясаттың мақсаты әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестік пен жеке капиталды дамыту болып табылады», - деп атап өтті Бишімбаев.
Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2017 жылы 4 338,2 млрд теңге, 2018 жылы – 4 562,3 млрд теңге, 2019 жылы – 4 877,2 млрд теңге сомасында болжанып отыр.
Индира Кауметова