09.11.2016
«Республикалық бюджет шығыстары 2017 жылы 8 563,1 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімге 17,7 %-ті құрайды; 2018 жылы – 8 370,6 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімге 16,2 %; 2019 жылы – 8 751,2 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімге 15,8 %», - деді Қ.Бишімбаев.
Республикалық бюджет жобасында әлеуметтік салаға арналған жалпы шығыстар 11 662,3 млрд. теңгені, оның ішінде 2017 жылға – 3 567,3 млрд. теңгені құрайды.
«2017 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлеміне қарағанда әлеуметтік блок 41,7%-ті құрайды», - деді ол.
Бюджет жобасы ағымдағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар жаңа шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
Индира Кауметова