• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлттық қордан 2017 жылы 441 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тарту жоспарлануда 09.11.2016

«Макроэкономикалық болжам негізінде 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы әзірленді. Республикалық бюджет кірістері, трансферттерді есепке алмағанда, 2017 жылы - 4 338,2 млрд теңге, 2018 жылы - 4 562,3 млрд теңге, 2019 жылы 4 877,2 млрд теңге сомасында болжанады», - деп хабарлады министр.

Оның айтуы бойынша, 2017 жылы Ұлттық қордан 441,6 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тарту жоспарлануда.

Министрдің айтуы бойынша, қалған 278,4 млрд теңге Ұлттық қорда резервте сақталған. Оның пайдаланылуы экономикада қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 2017 жылы республикалық бюджетті анықтау кезінде қаралатын болады.

«2017 жылға арналған 441,6 млрд теңге мөлшеріндегі нысаналы трансфертті «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға - 387,4 млрд теңге, соның ішінде көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға (автомобиль жолдарын салу, Астана қаласының әуежайын қайта құру, Құрық портында паром кешенін салу) - 150,5 млрд теңге, «ҰИМТ» АЭА индустриялық инфрақұрылымын дамытуға - 7,7 млрд теңге, жылумен және сумен жабдықтау, су бұру желілерін жаңартуға - 53  млрд теңге, тұрғын үй құрылысы аудандарында, соның ішінде ЖТҚ үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға - 57,4 млрд теңге, 2018 жылдың соңына дейін апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды оқуды жою үшін білім беру объектілерін салуға - 71,7 млрд теңге, ШҚҰ бірлесіп іске асырылатын жобаларды бірігіп қаржыландыруға - 27  млрд теңге, үлестік тұрғын үй құрылысын кепілдендіру тетігін іске асыруға - 10 млрд теңге, «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде индустриялық инфрақұрылым жасауға 10 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр», - деп хабарлады К. Бишімбаев.

Одан басқа, 54,3 млрд  теңге  басқа басым бағыттарды қаржыландыруға бағытталатын болады, оның ішінде тұрғын үй құрылысын (21 млрд теңге), сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын (25 млрд теңге) қаржыландыру үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ және «Бәйтерек Девелопмент» АҚ қарыздық қаражаты бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бағытталады. 

Индира Қауметова


Back to the list