26.10.2016
Қ. Бішімбаев атап өткендей, қолданыстағы заңнамада жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауға кезең-кезеңмен көшу көзделген:
- бірінші кезең 2017 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, судьялар, басқарушылық және әкімшілік бейіндегі ұлттық компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;
- екінші кезең 2020 жылдан бастап – барлық қалған жеке тұлғалар.
«Ағымдағы жылы жалпыға ортақ декларациялауға көшуге дайындық жұмыстарын өткізу барысында қоғамның осы шараны қабылдауына теріс әсер етуі мүмкін проблемалар анықталды (мемлекеттік органдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзекті болмауы, интернет желісімен толық қамтудың болмауы). Осыған орай, жалпыға ортақ декларациялауға 2020 жылдан бастап бір кезеңмен өтуді жүзеге асыру ұсынылады. Сондай-ақ, Парламент депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мүліктің бастапқы мәндерін ұлғайту ұсынылады», - деп хабарлады ведомство басшысы.