• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды 20.10.2016

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2015 жылғы желтоқсанда Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясында қабылданған Париж келісімінің мақсаты климаттың өзгеру қаупіне жаһандық тұрғыда әсер етуді нығайту болып табылады.

Келісімде көзделген шаралар жаһандық орташа температураның өсуін индустрияландыруға дейінгі деңгейлерден 2ºС-тан анағұрлым төменірек деңгейде ұстауға; климат өзгерісінің қолайсыз әсерлеріне бейімделу қабілетін арттыруға; қаржы ағындарын шығарындылардың төмен деңгейімен және климаттың өзгеруіне төзімділікпен сипатталатын даму бағытындағы траекториямен сәйкес келтіруге бағытталған.

Париж келісімі шығарындыларды азайтуға және климаттың өзгерісіне орнықтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін ауқымды шаралар қабылдау арқылы орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.


Back to the list