• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжіліс Байқоңырдағы қосарланған салық салуды алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады 19.10.2016

«Осы Хаттаманың мақсаты қосарланған салық салу мәселелерін жанама салық салумен реттеу болып табылады – ҚҚС, акциз. Бүгінгі күні біздің кәсіпкерлер Байқоңыр қаласындағы тауар өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығын салады. Өз кезегінде байқоңырлық (ресейлік) салық төлеушілер бұл ҚҚС-ты ресейлік заңнама бойынша есепке жатқызуға құқылы емес және тауар құны осы сомаға ұлғаяды. Бұл ретте Ресей Федерациясының Салық кодексі бойынша  18% мөлшерінде ҚҚС есептеледі», - деп хабарлады Б. Сұлтанов.

Ведомство басшысының айтуы бойынша, Байқоңыр аумағынан ҚР аумағына тауар өткізу кезінде де ұқсас жағдай қалыптасуда. Осылайша, бағаларды жасанды өсіру орын алады.

«Осы проблеманы шешу үшін біз ресейлік әріптестермен бірлесіп жұмыс жүргіздік және осы Хаттаманың жобасын дайындадық. Мұнда қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істейтін қағидатты негізге алдық – ҚР аумағынан Байқоңырға тауарларды өткізу кезінде айналымдарға «нөлдік» мөлшерлеме бойынша салық салынады және ҚҚС Байқоңырда 18% мөлшерлеме бойынша және керісінше бір рет алынады», - деп түсіндірді министр.

Ол қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша да осындай тәсіл пайдаланылғанын қосты. Хаттама ережелерінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалғаннан басқа қағидалар көзделгенін ескере отыра, бұл хаттаманы ратификациялау талап етіледі. 


Back to the list