18.10.2016
Заң жобасы монополияға қарсы органның өкілеттіктері мен міндеттерін нақты айқындауға, заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестікке келтіруге, тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізуді жетілдіруге, монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактілері бойынша тексеру жүргізудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ монополияға қарсы комплаенсті енгізуге бағытталған.
«Біз ЭЫДҰ жүйесі бойынша монополияға қарсы реттеуге көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап жатырмыз. Яғни көптеген салалар басқаша, ЭЫДҰ стандарты бойынша реттелуі тиіс. Біздің депутаттар реттеуді мемлекетке қалдыруды ұсынады және ол талқыланып жатыр. Осы талқылаудың қорытындылары бойынша біз келісілген пікірге келеміз деп ойлаймын», - деп хабарлады Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сапар Ахметов.
Сондай-ақ, депутаттар баға реттеуді анағұрлым маңызды қоғамдық нарықтарда да сақтауды талқылағанын атап өту қажет. Табиғ монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғариннің айтуы бойынша баға реттеуді 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтау қажет.
«Біз жетекші 47 нарыққа талдау жүргіздік, олар бүгінгі күнде барлығы да жеткілікті шоғырландырылған және бізде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызды салаларда бағалар өсе бастайтынына қатысты алаңдаушылық та болды. Біз электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау нарықтарындағы, жүк тасымалы, теміржол нарықтарындағы реттеуді сақтауды ұсынамыз. Яғни, біз соларға баса назар аудардық, себебі олар бағаның көтерілу тәуекелі бар әуе билеттерінің құнынан, өмір сүру құнынан бірден байқалатын қоғамдық маңызды нарықтар. Әзірше 2020 жылға дейін сақтауды ұсынамыз. Яғни біз осы бөлікте өзінше өтпелі кезеңді көздедік», - деп хабарлады ол.