• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенаторлар азаматтық қорғау туралы заңнаманы іске асыру мәселелерін қарады (ФОТО) 14.10.2016

2014 жылғы 11 сәуірде қабылданған «Азаматтық қорғау туралы» заң төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласындағы бұрын қолданылған алты заңнамалық актінің ережелерін біріктірді және жүйеледі. Бұл заңмен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы төтенше жағдай жөніндегі департаменттердің төтенше жағдайлардың алғышарттары мен тууы туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарларды қабылдау және пысықтау үшін кезекші-диспечерлік бірыңғай қызметтерінің мәртебесін, құқықтары мен міндеттері бекітілді. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин сенаторларды заң күшіне енгеннен кейін төтенше жағдайға әсер ету қызметінің ісіндегі өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ шешуді талап ететін өзекті мәселелерді баяндады.

Отырыс барысында Алматы әкімінің орынбасары Р.Тауфықовтың, төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық департаменттің бастығы С.Әубәкіровтің, сейсмология және азаматтық қорғаныс саласы сарапшыларының баяндамалары тыңдалды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері де өз пікірлерімен бөлісті. Отырысты қорытындылай келіп, комитет төрағасы Д. Назарбаева «Азаматтық қорғау туралы» заңмен реттелетін мәселелер аса маңызды екенін және оны шешу белсенді араласуды талап ететінін атап өтті. Егжей-тегжейлі талқылау заңды іске асыруға кедергі келтіретін және төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөніндегі қызметке теріс әсер ететін өзекті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік берді. Д. Назарбаева атап өткендей, бұл мәселелерді шешу және тиісті мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту мақсатында таяу уақытта Сенат комитетінің атынан Премьер-министрге үндеу жіберілетін болады.

Парламентшілер еліміздің ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетін қаржыландыруды ұлғайту және оның материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында тиісті заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуге ниеттеніп отыр. Алматыға сапар аясында сенаторлар «Республикалық жедел-құтқару отряды» бас басқармасының, «112» бірыңғай кезекші-диспечерлік қызметінің, Дағдарыс орталығының, Төтенше жағдайлар және жаппай апат қаупін азайту жөніндегі орталықтың жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ депутаттар ертең Үлкен Алматы өзеніндегі бөгетті көреді, Алматыдағы республикалық «Жас Ұлан» «әскери мектебінде және Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтында болады, онда оқу орындарының оқытушылар құрамы және оқушыларымен кездеседі.

 

 

 

 


Back to the list