• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мемлекеттік  қызмет органдарында жұмыста кідіруге қарсы шаралар қабылданып жатыр 14.10.2016

Атап айтсақ, қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта  жұмыс істеуі талқыланды.

Айгүл Шаимованың айтуынша, мемлекеттік қызметтің  жаңа моделі  органдарда time-менеджментті енгізу қарастырылып жатыр, демек жұмыскерлердің уақытын есептеу қажет.

Айгүл Шаимова айтқандай, мемлекеттік жоспарлау мәселесін қайта қарау қажеттігін атап өтті, болашақта бұл жұмыстан тыс жұмыс істеу мәселесін шешеді.

«Жұмыстан тыс еңбектің ақысын беру мәселесіне келсек, оған жеке қаражат бөлінбейді. Алайда, тәртіптер бойынша кез келген органның жетекшісі қызметкерлеріне сәйкесінше қосымшаларды қосуға толық құқылы», - деді Шаимова.

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызмет  туралы» ҚР Заңына Елбасы өткен жылдың  23 қазанында қол қойған болатын. Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.

 

 

 


Back to the list