• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжіліс Париж келісімін ратификациялауды мақұлдады 12.10.2016

Париж келісімі 2015 жылғы 12 желтоқсанда Парижде қабылданды. Қазақстан келісімге 2016 жылғы 2 тамызда қосылды. Бүгінгі күні Париж келісімін 75 ел ратификациялаған.

Келісім тұрақты даму және кедейлікті жоюға күш салу түпмәтінінде климаттың өзгеру қаупіне қатысты жаһандық әрекет етуді нығайтуға бағытталған.

«Париж келісімі жаһандық орташа температураның өсуін индустриялық кезеңге дейінгі деңгеймен салыстырғанда 2 градус деңгейінде ұстап тұруға, оған бейімделуге және осалдықты төмендетуге, парниктік газдар тасталымдарының төмен деңгейі кезінде климаттың өзгеруінің қолайлы әсеріне  бағытталған. Сондай-ақ, төмен көміртекті дамуға және жасыл экономикаға қаражат тартуға да бағытталған.  

Келісім шеңберінде әрбір тарап ұлттық деңгейде айқындалатын қол жеткізілуі тиіс үлестерді мәлімдейді. Бес жылда бір рет елдер ұлттық деңгейде айқындалатын кейінгі үлестерді хабарлайды. Үлестерді іске асыру үшін тараптарға қаржылық ресурстар, технологияларды әзірлеу және беру, әлеуетті нығайту түрінде қолдау беріледі. Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейін парниктік газдар тасталымдарын сөзсіз мақсат түрінде 15% және шартты мақсат түрінде 20% шектеу немесе қысқарту бойынша болжанатын үлесін мәлімдеді», - деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, заң жобасын депутаттарға таныстыра отырып. 

Келісіммен парниктік газдар тасталымдарының көлемін азайту жөніндегі ұлттық жобаларды қабылдауға, климат өзгерістеріне бейімделуге және тиісті технологиялардың даму пайдасына  қаржы ағымын қалыптастыруға бағытталған шаралар мен міндеттемелер кешені ұсынылады. Бірінші жаһандық қорытындылау 2023 жылы өтеді.  


Back to the list