11.10.2016
«2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілерге 5 пайыздық міндетті зейнетақы төлемін салу тәрітібі енгізіледі», - деді ол.
Жалпы, стратегиялық жоспардың бағыттарын iске асыру үшiн 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңге көзделiп отыр, оның 3 трлн 47 млрд теңгесi – ағымдағы бағдарламалар, 57 млрд теңгесi – даму бюджетi.
2018 жылға 3 трлн 457 млрд теңге, 2019 жылға 3 трлн 947 млрд теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлт жоспарының 48 қадамы аясында әлеуметтік көмек көрсету жүйесін реформалау жүзеге асырылады.
«Мекен-жайлық әлеуметтік көмек төлемнің үш түрі есебінен жүзеге асырылып, күнкөріс деңгеінен 50 пайызға төмен табысы барларға барлық шаралар, төлемдер ұсынылатын болады», - деді ол.
Индира Кауметова