• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылы зейнетақы көлемі 9%-ға өседі 11.10.2016

«Шығыстардың негiзгi бөлiгi әлеуметтiк-еңбек саласына бағытталған. Оның 1 трлн 998 млрд теңгесi әлеуметтiк төлемдердi құрайды. Бұл зейнетақы мен әр түрлi жәрдемақылар. 2017 жылы зейнетақы мөлшерi 9 пайызға артады. Осының негiзiнде базалық зейнетақының мөлшерi 12 802 теңгенi құрайды», - деді ол.  

«Базалық зейнетақы мен негiзгi зейнетақыны қосқан кезде оның мөлшерi 60 мың 167 теңгенi құрайтын болады. Барлық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi 2017 жылдың бiрiншi қаңтарынан 7 пайызға артады», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Бiржан Нұрымбетов.

«Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткішін есептеу әдісін қайта қарау қарастырылып жатыр, бұл көрсеткішті өндірістік және өндірістік емес қарым-қатынас арқылы есептеу қарастырылған. Аталмыш өзгерістерді жүзеге асыру үшін  әлеуметтік төлемдерге қосымша қаражат бөлу қарастырылған. 2018 жылы қамқоршысынан айырылғанына байланысты 63 млрд теңге, 2019 жылы  88 млрд теңге бөлу қарастырылған», - деді вице-министр.

Индира Кауметова


Back to the list