• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жиналған барлық ҚТҚ массасы 100 млн. тоннаны құрайды 11.10.2016

Осы кездесудің негізгі міндеті қазіргі мәселелерді айқындау және Қазақстандағы қалдықтарды тиімді басқаруды және утилизациялауды ұйымдастыру болып табылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда барлық қалдық түрлерін жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мен утилизациялау инфрақұрылымы нашар дамыған.

Қазақстанда жиналған барлық ҚТҚ массасы 100 млн. тоннаны құрайды. Сонымен қатар, әрбір жыл сайын Қазақстанда шамамен 5 - 6 млн. тонна ҚТҚ жиналады, оның 1,8%-ы қайта өңделеді, ал қалған қалдықтың барлығы полигондарда жинақталады.  

«Жасыл экономикаға» көшу туралы Концепцияның индикаторларына сәйкес, 2030 жылға қарай халықты 100% тұрмыстық қатты қалдықтың шығарылымымен және қалдықтардың 95%-ның санитарлық сақталыуын, сонымен қатар қалдықтардың 40%-ның қайта өңделуін қамтамасыз ету керек.

Сонымен қатар, осы кездесуде қоқысты бөлек жинау мен қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау процесі жүріп жатқан Еуропа елдерінің тәжірибелері де ұсынылатын болады. Бұл жобалар «BAUER» GmbH және «Eggersmann» GmbH компанияларымен жүзеге асырылып жатыр.

Жоғарыда аталған компаниялардың тәжірибесі органикалық қалдықтардан биогаз алып, одан әрі оны жасыл энергия көзіне, яғни электр қуатына және жылуға айналдыруға болатынын көрсетеді.


Back to the list