• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР ДСӘДМ бюджетінің жобасы  2017 жылға  3 трлн  104 млрд теңгені қарастырып отыр (ФОТО) 11.10.2016

«Министрлік  3 жылдық бюджет жобасын министрліктің  2017-2021 жылдарға арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырады. 2017 жылдың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін 2017 жылға  3 трлн  104 млрд теңге бөлу қарастырылған, ол ЖІӨ қатынасына сәйкес 6,4 пайызды құрап, республикалық бюджетке 40 пайыз көрсеткішті  құрайды. Оның ішінде  3 трлн  047 млрд теңгесі – ағымдағы бағдарлама, 57 млрд теңге – даму бюджеті», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2018 жылға да бюджет жоспарланған, ол 3 трлн  457 млрд теңгені құрап отыр.  2019 жылғы бюджет  3 трлн  947 млрд теңгені құрады.

Вице-министр айтып өткендей, ДСӘДМ шығыны  2 бағытқа бөлінеді: денсаулық сақтау,2017 жылғы шығыны 1 трлн 014 млрд теңге, әлеуметтік даму – 2 трлн 090 млрд теңге.

«Денсаулық сақтау саласында КТМКК саласына  90 пайыздық үлес қосылады, ол 915 млрд теңге. Қалған қаржы кадр дайындау және медициналық кадрларды дамытуға  бағытталған», - деді ол.

Әлеуметтік  еңбек саласында 96 пайыз немесе 1 трлн 998 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыны құрады.

Индира Кауметова


Back to the list