11.10.2016
Қазақстан жаппай жою қаруын таратпау саясатын ұстанады, біздің еліміз халықаралық қауіпсіздікті жақсартуға, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға, халықаралық ұйымдардың рөлін арттыруға көп көңіл бөлуде. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық – үкіметаралық ұйым, ол 1992 жылы Еуропалық одақ, Ресей Федерациясы, АҚШ, Жапония арасындағы келісімдердің негізінде ядролық қаруды таратпау мақсатында құрылды», - деді А.Амрин.
Сонымен бірге, 2015 жылы Астанада орталық қызметін жалғастыру туралы келісімге қол қойылған.
«Осы келісім РФ-дан ҚР-ға ғылыми-техникалық орталықты ауыстыруды көздейді. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың негізгі міндеті жаппай жою саласындағы ғалымдар мен инженерлерге олардың білімі мен дағдылары бейбіт қызметте пайдаланылуы мүмкін орындарда оқу және баламалы жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктер беру болып табылады. Орталық қызметін екі бағыт бойынша іске асырады: ғылыми-техникалық жобаларға гранттар бөлу және семинарлар өткізу», - деді вице-министр.
Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, өткен 20 жыл ішінде орталықтың Қазақстан ғалымдарына төлеген гранттарының көлемі 75 млн долларды құрады, бұл гранттың жалпы сомасының 13%-ын құрайды.
Көрсетілген кезеңде Қазақстанның бес мың ғалымына 206 грант бөлінген. Салыстыру үшін: орталықтың Ресей ғалымдарына төлеген гранттарының көлемі 434 млн долларды құрады. Сонымен бірге, гранттық қаржыландырудың ең үлкен көлемі 2014 жылы Қазақстан ғалымдарына бөлініп, ол 1,5 млн долларды немесе жалпы гранттық қаржыландырудың 45%-ын құрады. 2015 жылы Қазақстанға қаржыландыру бөлінбеді.