• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандық экспорт  дамуға мүдделі  - СІМ 10.10.2016

«Біздің экспорттық саясатты қалыптастыру бойынша нақтыланған, жоспарланған жұмыс барынша жүзеге асырылмағандығын мойындау керек. Бұл саладағы жұмысты мемлекеттік органдар да түсінбеді, және жеке сектордың  әлсіз ұйымдастыруы да әсер етті», - деді Сыртқы істер министрі.

Ол ҰКП өкілдерінің назарын қарата сөйледі.

«Экспорттық саясаттың сәттілігі шетелге шығару бойынша жеке сектор жұмысының  тұрақталғаны байқатады. Ол маркетинг жасап, нарықты зерттеп, мемлекеттік органдарға қажетті сала бойынша қолдау көрсетуге жүгінуі керек», - деді ол.

Министр тағы бір себеп ретінде  экономика мен тауардың ерекшелігін атап өтті.

«Бұл салада шикізат басымдылыққа ие,  ал шикізат экспорты  қиын мәселе емес, шетелде шикізат жетіспей жатқан жағдайда қолайлы. Сондықтан жаңа өнімді ілгерілету бойынша ауқымды жұмыс атқару қажет.  Бұл мәселе бойынша Үкімет пен ҰКП ойланып отыр», - деді ол.

СІМ басшысы атағандай, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев СІМ-ге жағдай мен ұсынысты жеткізуді тапсырды. Бұл салада алға жылжу ҰКП арқылы бизнес қауымдастық жұмыстың алгоритімін әзірлеуі керек. 


Back to the list