10.10.2016
«Қазақстан инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2015-2016 жылдары 13 трлн 421 млрд теңгенің 170 екіжақты құжатына қол қойылды», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде СІМ министрліктер және ұлттық компаниялармен бірігіп 57,4 млрд доллардың 304 жобасын қарастырып жатыр. В.Божко биылғы жылдың ақпанындағы СІМ коллегиясын маңызды деп атап өтті. Елбасы 25 жылдағы дипломаттардың жұмысын қорытындылады.
«Қазақстанның елшіліктері жанынан өзара ықпалдасу институттары ашылды: АҚШ, Англия, Корея, Италия, Иран, Жапония, Германия, Франция, КХР, Үндістан. «KAZNEXT INVEST» фронт-кеңселері Нью-Йорке, Дубай, Франкфурт, Ыстамбул, Бейжіңде бар. Сауда өкілдері Ресейдің үш қаласында бар. Жақын арада Пекин мен Тегеранда сауда өкілдіктері ашылады», - деді ол.
«Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» аясында депутаттар 59 заң қабылдады, оның ішіндегі 32-сі үшінші реформаны заңнамалық қамтуға бағытталған. Тәуелсіздік аясында шет елдермен 49 келісім өзара көмек көрсету бойынша қаралған», - деді ол.