• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2022 жылға дейін ҚР-ның  балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу керек – депутат 06.10.2016

Депутат атап өткендей, балықты тұтыну  жылына адам басына шаққанда 14 келіні құрайды,  бұл көрсеткіш 4,3 кг дейін төмендеді. Құқыққорғау органдары мен балық инспециялары жергілікті жерлерде браконьерлікпен күресіп жатыр.

«Су қоймалары  қытай өндірісінің ауларымен жабылған, оның әсерінен ұсақ балықтар да қырылады.  Тұтынушылар саны жыл санап өсуде, ал балық аулау көрсеткіші азайып барады», - деді депутат.

Оның айтуынша, бүгінде балық аулаудың ортақ көлемі бірнеше есеге кішірейген. Браконьерлікпен күресу тәртіптерін күшейту қажет.

«ҚК жаңа редакциясында мүлікті тәркілеу алынып тасталған. Бұл норманы қайтадан қалпына келтіру қажет», - деді Р.Ким.

Спикер айтқандай, тауарлық  балық мүлдем жойылды. 1970 жылы 47 балық кәсіпорны болса, қазір олардың саны 11 – ді құрап отыр.  Оның ішінде 7-і Ауыл шаруашылығы және аң аулау комитетінің құзыранда.

 

 


Back to the list