05.10.2016
«Аталмыш келісімнің негізгі мақсаты аталмыш үрдісті жеңілдету. Бүгінгі таңда құзырлы органдар өз салық төлеушісіне резиденттік сертификатын береді. Аталмыш құжат легитимділікті қамтамасыз ететін штампты қажет етеді», -деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, Қазақстанның салық төлеушілері мен «Атамекен» ҰКП атынан ЕАЭО елдерінен апостелінен бас тарту туралы ұсыныс түсті.
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енген өзгертулерді мақұлдады.