05.10.2016
Заң жобасының қабылдануы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласындағы заңнаманы жетілдіруге және қару айналымы мен көші-қонды реттеуге бағытталған.
«Сiздердiң қарауыңызға ұсынылған заң жобасын дайындауға елiмiзде және әлемде болып жатқан террорлық қылмыстар ықпал еттi. Оған қарсы күрестiң оң практикасы ескерiлдi. Құзырлы мемлекеттiк органдар экстремизм мен терроризмге қарсы жүйенi дамыту бойынша тұрақты жұмыс атқарып келеді», - деді М.Қалқабаев.
Заң жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.