• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәжікстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды 04.10.2016

2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбе қаласында жасалған Шарттың мақсаты екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару болып табылады. Шарт жоғары және биік деңгейде кездесулер тетігін жетілдіруді және тұрақты түрде пікір алмасуды өткізу және екіжақты қарым-қатынастар мәселелері мен өзара мүддені білдіретін халықаралық өзекті проблемалар бойынша ұстанымдарды келісуді көздейді.

Шартқа сәйкес тараптар екінші тарапқа қарсы бағытталған күш қолданудан немесе күш қолдану қатерінен тартыну міндеттемесін растайды, тараптар әрі жаһандық, әрі өңірлік ауқымда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды, қазіргі кезеңдегі қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күш біріктіруді үйлестіреді.

Шартпен әскери, әскери-техникалық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында ынтымақтастықты кеңейту көзделген. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді. 


 


Back to the list