03.10.2016
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып Қаржы және бюджет комитеті айқындалды.
Бюро осы заң жобаларын 6 қазанда өтетін Палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне қосуды ұсынды.