28.09.2016
Парламент Мәжілісінде «2016-2018 жыдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қаралуда.
«Әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, тауар нарықтары мен қазақстандық экономика салаларын дамытудың нәтижесінде жыл басынан бері 2016 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Мұнай бағасының орташа жылдық көрсеткіші барреліне 30-дан 35 долларға көтерілді. 2015 жылғы деңгейде метал бағасының өзгеру индексі 15 пайыздан 12,7 пайызға дейін төмендеді, орташа жылдық курс доллары бір долларға 360 теңге деңгейінде сақталды, мұнай өндіру мұнай бағасының орташа есептік көрсеткішінің артуы мен «Қашағанның» қазанда іске қосылуына байланысты 74 млн-нан 75,5 млн тоннаға көтерілді», - деді министр.
Министрдің баяндамасына сәйке, ЖІӨ номиналды көрсеткіші 44 трлн 354 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр, ол ақпанда мақұлданған көрсеткіштен 187. 5 млрд теңгеге жоғары. ЖІӨ адам жанына шаққанда 6,9 мың долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсім көлемі 2016 жылы 3,5 пайызды құрайтындығы болжанды. 2016 жылы өнеркәсіп 1,7 пайызға төмендейді.
Сауда саласында 3,5 пайыздық төмендеу байқалса, көлік және қоймалау 4 пайызға өседі.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев