10.02.2015
«Заң жобасы шағын жобалық қуаттылық бойынша МЖӘ шағын пішіндерін енгізуде, ол жеңілдетілген байқауларды өткізуді қарастыруда», - деді М.Құсайынов.
Шағын жобалар – МЖӘ нысандары 4 млн АЕК көрсеткішінен артық соманы құрамайды.
Оның айтуынша, МЖӘ бұл пішіндерін жүзеге асыру үшін байқаулар мен келісім шарттар типтік құжаттар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Айта кетерлігі, келісім шарттың қорытындысы тікелей келіссөздер арқылы жүзеге асырылатын болады.
«Жеке серіктес мемлекетпен тікелей келіссөз жүргізіп, сәйкес келісім шарт түзе алады. Мұндай механизм инновация саласында жүзеге асырылады: жеке серіктестіктің жеке меншік нысандарына толық құқығы болады», - деді Құсайынов.
Индира Кауметова